Мұндай ұсынысты Қаржы министрі айтып, Мемлекет басшысы оны қолдаған көрінеді.
Қазнет қолданушылары қазақстандықтар елдің сыртқы қарызын төлейтіні туралы хабарламаны талқылап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қарызды әрбір кәмелетке толған адамға несие түрінде рәсімдеп, еліміздің барлық азаматы арасында үлестіріледі. Мұндай ұсынысты Қаржы министрі айтып, Мемлекет басшысы оны қолдаған көрінеді.
Stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған деп таныды. Мұндай хабарлама Instagram желісіндегі сатиралық парақшалардың бірінде пайда болған.
Онда тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк жаңалықтар ғана жарыққа шығады.