Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елордалық дәрігерлер Оралда тәжірибе бөлісуде

Нұр-Сұлтан қаласындағы «University Medical Center»  клиникасы мен Ұлттық ғылыми кардио-хирургия орталығының  дәрігерлері Оралға келіп, науқастарды қабылдауда.

Елордалық дәрігерлер Оралда тәжірибе бөлісуде
Фото: Жұбан МҰРАТ

– Орал қаласына келгендегі мақсатымыз – әріптестерімізге  медициналық жаңа технологиялар бойынша  тәжірибемізді бөлісіп, біліктіліктерін арттыру. Сондай-ақ күрделі ота жасалуы тиіс науқастарды  Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары медициналық орталықтарға, клиникаларға жолдаудамыз. «UMC» клиникасы мен Ұлттық ғылыми кардио-хирургия орталығынан 12 дәрігер келдік. Құрамымызда балалар мен ересектердің кардиохирургі, бет-жақ сүйектерінің хирургі, проктолог секілді мамандар бар.  Елімізде жүрек-қан тамыры аурулары адамды өлімге душар ететін дерттердің тізімін бастап тұр. Өкінішке орай, Оралдағы облыстық кардиологиялық орталықта МРТ, КТ аппараттары жоқ. Ол құрылғыларға түсу үшін тұрғындар қаладағы басқа медициналық мекемелерге баруға мәжбүр. Кардиорталықта кем дегенде  компьютерлі томография  болуы керек. Өйткені өлім көп жағдайда кардиология саласында орын алады, - деді  «University Medical Center»  клиникасы радиология және ядролық медицина департаментінің директоры Тайырхан Дауытов.

Жұбан МҰРАТ