Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түбінде ауыл халқы көтеріледі және соңы үлкен трагедиямен аяқталады – журналист (ВИДЕО)

Ал жайылымы жоқ халықтың малы қырылып, шыдамның шегіне жетті дейді. 

Түбінде ауыл халқы көтеріледі және соңы үлкен трагедиямен аяқталады – журналист (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Белгілі тележурналист Ерғанат Көпжасар ауылдың мәселесін көтерді. Оның жазуынша, ауыл тұрғындары жайылымнан қағылып отыр. Мәселені жауапты адамдар дер кезінде шешпесе, халық көтерілістің аз-ақ алдында деп ескертті деп хабарлайды Paryz.kz

Түбі ауыл халқы көтеріледі. Көтерілгенде жай көтерілмейді ашумен шығады. Және бұның соңы үлкен трагедиямен аяқталады. Мен билікті үркіту үшін емес ескерту мақсатында жазып отырмын. Әйтпесе анау жоғарыдағылар күнде телевизордан көрсетіп жатса да естімеген білмеген адам сияқты кейіпте жүр. Негізі бұл проблемадан үкімет, ауылшаруашылығы министрлігіндегілер жақсы хабардар. Білсе де үндемейді. Ауылдық жерлердегі қарапайым халық жайылым жерсіз қалып жатқанын олар өте жақсы біледі, – деп жазды Ерғанат Көпжасар. 

Журналист ауыл әкімдіктері бай-бағланмен жақсы қатынаста болғандықтан, ауыл тұрғындарының жағына шықпайды деп қынжылды. Ал жайылымы жоқ халықтың малы қырылып, шыдамның шегіне жетті дейді. 

Заң бойынша ауыл маңында жер жетпей қалған жағдайда әкімдік бұл жерлерді ауыл халқының жайылымы үшін қайтарып алуға толық құқылы. Бірақ әкімдер ауылдағы бай бағландардармен ауыз жаласқан соң оларға қарсы шыға алмайды. Тұрғындарға жерді қайтарып бере алмай отыр, – деді ол.

Тележүргізушінің пікірінше, ауыл тұрғындары екіге бөлініп, бір-бірімен даурығуда. Жерді иемденгендер қоршау салып, ал қара халықтың малы соған құлап қырылады. Бұл заң бойынша тыйым салынған әрекет. Десе де бармақ басты, көз қыстының кері.  

Қазіргі ауылдағы жағдай тура бір патша үкіметінің кезіндегідей. Бай мен кедейдің арасы жер мен көктей. Байлар алған жерлерін соғыстағы окоптағыдай қоршап тастаған. Бұған заң бойынша тиым салынса да жергілікті құзырлы органдар тағы да үндей алмайды. Кесіренен халықтың малы сол қоршауға құлап қырылып жатыр. Жерді қоршағандарды жұрт фашистерден де әрмен жек көреді, – деді тележүргізуші. 

Дәл қазір бұл мәселе шешімін таппаса, халық ашумен көтерілуі мүмкін деп ескертті. Журналист жедел комиссия құрылып, халықтың жерін қарауды сұрайды. 

Ақыры ашынған халық қазір тістеніп әзер жүр. Қандары бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Енді сол ашу бір күні төгіледі. Соңы жаман болады. Соның алдын алғысы келетіндер болса шұғыл комиссия құрып ауылдық жерлердегі халықтың жайылымдарын жұртқа жедел қайтарыңдар. Бұл мәселе келер көктемде тағы көтеріледі. Бірақ кеш болады, – деді ол.