Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.
Атырауда колледж студенттері сабақтан шыға сала шаш жұлысып, төбелесті деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Төбелес Атырау қаласында орналасқан Құқық және бизнес колледжінің маңайында болған. Сабақтан шыққан осы колледждің қыздары бір-бірлерімен төбелесіп, шаштарын жұлып, тепкінің астына алған. Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.
Төбелескен жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына хаттама толтырылды. Іс Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот істің әлі келіп түспегенін мәлімдеді. Сол себепті әзірге соттың тентек қыздардың ата-аналарына қандай жаза қолданатындығы белгісіз.