"Телефонын тартып алды": Шымкентте полицейлер әжейге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Видеодан бірнеше куәгердің қарияны жақтап жатқанын көруге болады.

"Телефонын тартып алды": Шымкентте полицейлер әжейге шабуыл жасады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкентте полицейлер жаңғақ сатып отырған әжейді жауапқа тартқысы келген деп хабарлайды Paryz.kz.

Instagram парақшалардың бірінде 75 жастағы әжей жағдайдан кейін күйзеліске ұшырағанын жазды. Видеодан бірнеше куәгердің қарияны жақтап жатқанын көруге болады.

Көмек сұрайын деп едім. Бүгін, 24 қазанда Қырғы базарда мынандай оқиға орын алды. Шетте 3-4 келі жаңғағын сатып отырған қарияға екі полицей шабуыл жасады. Қара бетперде киген полицей әжеймен дөрекі сөйлесіп, телефонын тартып алды. Ол ұлына қоңырау шалып үлгермеді. Әжейдің жағдайы нашарлап кетті. Куәгерлер олардың арасына түсті. Полицейлер өзін таныстырмады да. Мен олардың артынан барып, екеуінің аты-жөні мен қызметін сұрайын деп едім, олар жауап бермеді, – деді жазба авторы.

Шымкент қалалық ІІБ оқиғаның Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында рейд кезінде болғанын айтты.

Бұл бейнежазба бойынша қызметтік тергеу басталды. Тексеруден кейін полицейлерге қандай шара қолданылатыны белгілі болады, - делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында.