Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Депутат: Шекарадағы ауылдар назардан тыс әрі қолдаусыз қалды

Депутаттың айтуынша, тіпті, тұрғын үй салынып қойған ауылдардағы жер учаскелері мәселесі де реттелмеген.

Депутат: Шекарадағы ауылдар назардан тыс әрі қолдаусыз қалды
Фото: tengrinews.kz

Сенат депутаты Ольга Булавкина шекарадағы ауылдар мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады paryz.kz.

Сенатордың айтуынша, басқа елдермен шекаралас ауылдарда 1,5 миллионға жуық адам тұрады.

"Халқы 200 адамға жетпейтін 1300-ге тарта ауыл мемлекет назарынан тыс әрі қолдаусыз қалды. Тек кейінгі үш жылдың өзінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Алайда, қаражатты бөлу кезінде басты назар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына, облыс және аудан орталықтарына аударылды", - деді Ольга Булавкина Сенат отырысында.

Депутаттың айтуынша, тіпті, тұрғын үй салынып қойған ауылдардағы жер учаскелері мәселесі де реттелмеген. Сондай-ақ, сенатор жеке тұрғын үй салу мәселесі де ол ауылдарда күрделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, халқы 5 мың адамнан тұратын ауылдар су және электр желілерімен қамтамасыз етілуі керек. Алайда, кейбір ауданда оған бөлер қаражат жоқ. Мұның салдары азаматтардың жер учаскесін алу құқығын шектеп отыр.

Шекаралас аудандарда қажетті материалдық және әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін не істеліп жатыр? Шекаралас аудандарға грант бөлу немесе оларды қандай бір мемлекеттік тұрғыда қолдау шаралары қарастырып жатыр ма? Салық жағынан ол жақтағы тұрғындарға жеңілдік беріле ме? Ольга Булавкина Үкімет басшысына осы сауалдарды қойып, белгіленген мерзім ішінде жауап беруді өтінді.

Сондай-ақ, депутат аталған аудандарда Жұмыспен қамту мен бизнестің жол картасы дұрыс жүзеге асырылмай жатқанына назар аударуға шақырды.