"Газ берілсін!": Шымкент тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)

"Бірақ бізде миллиондап ақша бөліп, Наурыз тойлау сияқты іс-шаралар бірінші орында тұратыны өкінішті!"

"Газ берілсін!": Шымкент тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласының тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Газ, свет, су, жол қала тұрғындарына ең керек дүние!

Бұл мәселелер бюджет бөлгенде ең бірінші орында тұру керек!

Бірақ бізде миллиондап ақша бөліп, Наурыз тойлау сияқты іс-шаралар бірінші орында тұратыны өкінішті!

Халықтың үні Президентке жетсе екен деп отыр қала тұрғындары! - деп жазды ол.