Сонымен қатар оқиға ойын алаңынан бірнеше метр қашықта болған.
Қостанайда қалалық сот судьясы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жұмысынан қуылды деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіптік іс жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқалары отырысында қаралды. Жол апаты тамыз айының соңында болған. Судья мас күйінде рөлге отырып, шағын аудандардың біріндегі бағанаға соғылған.
Сонымен қатар оқиға ойын алаңынан бірнеше метр қашықта болған. Зардап шеккендер жоқ.
Судья бірден ақысыз демалысқа шыққан. Біраз уақыттан кейін облыстық соттың сайтында бұл факт расталды. Нәтижесінде, жоғары сот кеңесі судья этикасына қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.