Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысында енесін ұрып-cоққан келін жазаланды деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға Шиелі ауданында болған. Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматтан арыз түседі. Онда қолында тұратын 44 жастағы келіні өзін ұрып-соққаны айтылған.
Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды. Келіні 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді Шиелі аудандық полиция бөлімінен.