Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында өзгенің атынан несие алған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

Бұл жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Түркістан облысында өзгенің атынан несие алған бұрынғы банк қызметкері ұсталды
фото: barnaul-altai.ru

Түркістан облысының полицейлері өзгенің атынан 2007 жылы тауарлық несие алып, алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкерін ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісай аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам өзіне тиесілі есепшоттарының барлығы бұғатталғанын, ал банктерден себебін сұрағанда төленбей қалған несиесі барын біледі. Алайда өзі ешқандай несие алмағандықтан, бөтен біреудің заңсыз несие рәсімдеуі мүмкін екенін алға тартып, соны анықтауға полицейлерден көмек сұрайды.

Бұл жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.