Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодарда ер адам көршісінен тұз сұраймын деп, бәлеге қалды

Жергілікті тұрғындардың бірі күтпеген қонақтың түнде келгеніне шағымданған.

Павлодарда ер адам көршісінен тұз сұраймын деп, бәлеге қалды
фото: ашық дереккөз

Павлодар тұрғыны түн ортасында көршілерінен тұз сұрау үшін барып, айыппұл алып шықты деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірі күтпеген қонақтың түнде келгеніне шағымданған.

Қорыққан әйел полицияға қоңырау шалып, бөтен адам үйіне кіріп келе жатқанын айтты. Учаскелік полиция инспекторы 23.21-де ер адам көршілерін бір шымшым тұз сұрау үшін оятқанын анықтады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түнгі тыныштықты бұзғаны үшін тұз іздеуші ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ер адамға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осындай жазаны түн ортасына дейін көршілерінің шу шығармау туралы өтініштерін елемей, пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген 45 жастағы қала тұрғыны да алды. Ер адам өз іс-әрекетін жұмыстан кеш келетінін айтып түсіндірді.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында 3320 тәртіп бұзушы әкімшілік тәртіпте жазаланды.