Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда «Қарттың ортасында көп жүрген дана болар» атты кеш өтті

Орал қалалық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам»  атты кеш өтті. Оған қариялар, кітапхана оқырмандары, жастар, жұртшылық өкілдері қатысты.

Оралда «Қарттың ортасында көп жүрген дана болар» атты кеш өтті
Фото: Жұбан МҰРАТ

Қайырымдылық айлығы аясында оздырылған іс-шара «Жеті өнер» үйірмесінің қолөнер бұйымдарының көрмесімен ашылды.  Кеш барысында №16 кітапхана-филиалы жанынан ұйымдастырылған «Ақ кимешек» әжелер үйірмесі, «Қарақат» мектеп студиясы, «Мектептен тыс жұмыс орталығы», «Жұлдыз – ай» би студиясы және Кәусар Мұхтаров, Мөлдір Базарбай сынды жас өнерпаздар өнер көрсетті.

Кеш соңында «Стекло Сервис» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры Аркадий Рубцов қарияларға сыйлық табыстады.

- Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымызда. Ата жолын жалғап, ұлттық құндылықтарды бүгінгі ұрпаққа аман жеткізген ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. «Қарттың ортасында көп жүрген дана болар» деген сөз бекер айтылмаған. Осы бағытта жастарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, мейірімділікке, тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарамыз алдағы уақытта да жалғасын табады,-деді Орал қалалық кітапханалар жүйесінің әдіскері Мөлдір Тоғайбаева.

Жұбан МҰРАТ