Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мәжіліс депутаты 11 жыл бойы пәтер ала алмай жүр екен

"Мен өзім басқа жерде өмір сүрсем, маған Қызылордадан берілген пәтердің керегі не?.."

Мәжіліс депутаты 11 жыл бойы пәтер ала алмай жүр екен
фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских пәтерін 11 жылдан бері күтіп жүргенін айтып, балалар үйінде тәрбиеленген азаматтардың пәтер кезегі туралы мәселені қозғады деп хабарлайды Paryz.kz“Астана” телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл мәселе "Нұр Отан" партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында талқыланды. Осындай әділетсіздікке партия өкілдері де кезіккен.  

Балалар үйінің мыңдаған тәрбиеленушісі жыл сайын далада қаңғырып қалады. Мемлекеттік мекемеден шыққан соң заң бойынша олар жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтамасыз етілуі керек. Бірақ жергілікті билік бұл мәселемен бас ауыртпайды. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері осыған алаңдаулы. Балалар үйінде тәрбиеленіп шыққандарды баспанамен қамту жоспары бірде-бір өңірде толық орындалмаған. 

Мәселен, мәжілісмен Геннадий Шиповских үй кезегін 10 жылдан астам уақыттан бері күтіп жүргенін айтты.

Мәселе менде пәтердің жоқтығында емес. Мен осындай фактінің бар екенін айтамын. Қызылордада балалар үйінде болдым, мен тек сол аймақта ғана пәтер ала аламын. Егер мен жұмыс бабымен Алматыға немесе Нұр-Сұлтанға көшсем не болады? Мен өзім басқа жерде өмір сүрсем, маған Қызылордадан берілген пәтердің керегі не? – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Интернаттар мүлдем  сын көтермейді. Партия өкілдері бұл әлеуметтік  нысандарда шешілмеген мәселе көп екенін атап өтті. Сондай-ақ елімізде 225 мыңнан астам  оқушыға  орын жетіспейді. Ал мектеп құрылыстарына 142 млрд теңге бөлінген. Бірақ соның жартысы ғана діттелген мақсатқа  жұмсалыпты.