20.10.2021, 09:02

COVID-19: 168 адамның жағдайы өте ауыр

фото: ашық дереккөз

96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 19 қазандағы ақпаратты жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.

19 қазандағы мәлімет бойынша, 52 225 адам коронавирус инфекциясынан (–45 706 + және 6 519 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 130 пациент стационарда, 43 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 627 адамның жағдайы ауыр, • 168 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.