Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Атырауда ер адам қайынапасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан

Оның айтуынша, келіншегі әпкесінің үйіне жиі барады. Содан күдіктеніп қалған.

Атырауда ер адам қайынапасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында ер адам өз әйелін аңдымақ болып туысының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан. Бірақ үй иесі камераны байқап қойыпты деп хабарлайды Paryz.kz

17 қазан күні жергілікті полиция бөлімшесіне Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны арызданды. Әйел өз үйінің жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатылғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтады. Ол арыз түсірген әйелдің күйеу баласы болып шықты. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, жасырын камераны не үшін орнатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, келіншегі әпкесінің үйіне жиі барады. Содан күдіктеніп қалған.

Әйелін қызғанған еркек үйге жасырын камера орнатуға шешім қабылдапты. Сөйтіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, қайын апасының ваннасына орнатқан. Ал камераны қалтаға салып жүретін зарядтау құрылғысына қоса салған.  

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 3-тармағы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Оған сәйкес кінәлі адам бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.