Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстанда төбетті көбейтуге шектеу қойылмақ

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан аумағында 19 мың төбет болса, бүгінде оның саны мыңнан сәл-пәл асады, - дейді ит асыраушылар.

Қазақстанда төбетті көбейтуге шектеу қойылмақ
фото: ашық дереккөз

Жаңа заң төбетті көбейтуге шек қойғалы тұр. Ақтөбелік ит асыраушылар жануарларды қорғау туралы заң жобасын қабылдамас бұрын, жан-жақты талқылауды сұрайды деп хабарлайды Paryz.kz,  "Еуразия" бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

Әйтпесе, құжаттың кей тұстары қазақы төбеті барлардың шамына тиген. Бұған жануарларды қорғау ұйымындағылар не дейді?

"Жануарларды қорғау туралы" заң жобасы талқыға түскелі ит Асыраушылардан да маза қашқан. "Заңның қабылданғаны дұрыс деп санаймыз. Бірақ шикі тұстары бар, солар ескерілсе екен" деп отыр. Мысалы, төбеттің табандылығын, мінезін анықтау үшін өткізілетін сынақ тәртібі заңда ашып көрсетілу тиіс деп есептейді. Оны білмейтіндер мұндай сынақты ит төбелесімен шатастырып, екеуі бір нәрсе деп қателеседі.

Тестовый ғой, бізде өтіп жатқан. Сол сынақты "собачьи боймен" шатастырып жатыр. Адамдар түсінбей, итке қатыгездік жасау деп жатыр. Мұндай сынақтың өз ережелері бар. Мысалы, ит тамырынан қан кетіп жатса, төреші екі жақтың қожайынының дегеніне қарамай, төбелесті тоқтатып тастайды, - дейді ит асыраушы Бауыржан Бекешов.

Ит баптаушылар өздері айтып отырған сынақ кездесуінің жануарға түк зияны жоқ деп сендіреді. Рингтегі әр кездесу небәрі 5-10 секундтан аспайтынын айтты. Бір маусымда 4 сынақ өткізіледі. Егер мұндай сынақ болмаса, мысалы малға қасқыр шапқанда төбет еш сес көрсете алмайды екен.

Қазақы төбет пен тазыны әрмен қарай дамыту мақсатында осы тестілеп тексеруді заңға енгізу керек. Ол төбеттің айбатты қабілетін тексеру мақсатында өткізіледі. Мал баққан шопанға ілесіп, қасқырға шаба ала ма, шаба алмай ма, соны тексеру мақсатында. Егер рингте итті көргенде тісін сақылдатып, қашып бара жатса, ол қасқырға қарсы тұра алмайды деген сөз, - дейді "Жекпе-жек" ұйымының төрағасы Еркебұлан Сарман.

Ит баптаушылар оларды таластырған кезде қатты зардап шегу немесе мерт болуы деген жағдай болмағанын айтады. Бір төбетті асыраудың өзі қыруар қаржыны қажет етеді. Төбеттің бір айлық ас-суына 20 мың теңге жұмсайды екен.

Иттерді таластыру деген мәселені кинолог, ветеринар секілді мамандар бірлесіп талқылауы тиіс. Өйткені, әрбір жануардың фукнциясы бар, оны дайындау, үйретудің әдісі бар. Мүмкін, ит төбелесі болуы керек шығар, бірақ оны өткізгенде жануарды қорлауға жол бермеу, осы жағы ескерілуі тиіс. Осы тұрғыда шектеу деген мәселені ұмытпау керек. Шетелдік тәжірибеге де зер салған дұрыс, - дейді "Қамқор" жанауарларды қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Острецова. 

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан аумағында 19 мың төбет болса, бүгінде оның саны мыңнан сәл-пәл асады, - дейді ит асыраушылар.

Олардың тұқымын сақтап қалу үшін көрме, сынақ ұйымдастырып, ұлттық спорт түрінің қатарына қосуды қалайды.