Ветеринарлар малдың нақты қай аурудан қырылып жатқанын анықтай алмай отыр.
Елдің солтүстігінде мал жаппай қырылып жатыр. Ауру Мортук ауылында тіркелді деп хабарлайды Paryz.kz, Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап.
Ветеринарлар малдың нақты қай аурудан қырылып жатқанын анықтай алмай отыр. "Ауру белгілері бірнеше ауруға ұқсайды" дейді.
Сараптама қорытындысы жақында жарияланады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 3 айда 20-ға жуық ірі қара мал арам өлген.
Біз дереу ветеринарларға хабарладық, бірақ олар уақытында келмеді. Тек 10 күннен кейін келді. Осы уақыт ішінде бұзаулар да жатып қалды. Ауру белгілері – «Эмкарға» ұқсайды. Мамандар осы ауру болуы мүмкін деп отыр. Дәл осы аурудың кесірінен малымнан айырылдым. Менің ойымша, бұл жағдай вакцинаның берілмеуіне байланысты. Жануарлардың өлексесін шығаруға көмек көрсетілмеді, біз оларды өртедік, – дейді Мортук ауылының тұрғыны Әбдікерім Бұйдахман.
Ауыл тұрғындары үлкен шығынға батуда. Оларға өтемақы тағайындала ма, жоқ па - белгісіз.