Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

8 айда елімізден 22 685 адам кетіп қалған

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі 86,1% болып отыр.

8 айда елімізден 22 685 адам кетіп қалған
фото: ашық дереккөз

Көші-қон қызметі органдарынан алынған Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға 6 339 адам келді, бірақ есесіне елден 22 685 адам кетіп қалған, көші-қон сальдосы -16 346 адам болды деп хабарлайды Paryz.kz

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі 86,1% болып отыр.

Статистика бюросының дерегінше, өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 7,3%-ға артқан.

Өңіраралық мекен ауыстыру бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).