Шығыс Қазақстан облысы вакцина бойынша көш басында тұрған аймақтардың бірі.
Титовтар отбасы "Ashyq" қосымшасындағы өз статустарына таңдана қарайды. Себебі ол вакцина алмағанына қарамастан, ерлі-зайыптыларда "бейтараптан" "қауіпсіз" статусқа өзгеріп кеткен. Тіпті ПТР-тест те өткізбегенін айтады. Титовтар вакцина алуды жоспарлаған, бірақ бұл жағдайға байланысты заңмен мәселе бола ма деп қорқады деп хабарлайды Paryz.kz, "KTK" телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласына балаларын оңалту орталығына алып барған. Жолда вакцинаның бірінші компонентін салуға шақырту келген. Артынша екінші компонентті алу уақыты жазылған екінші хабарлама келіпті. Марина екпе мәселесін қайта оралған соң шешпекші болғанын айтады.
Жұма күні балама қоспа сатып алу үшін "Балалар әлемі" дүкеніне барғанбыз. Сауда үйіне Ashyq қосымшасы арқылы кірдік. Менде "жасыл" статус көрсетіп тұрды. Дүкеннен аң-таң болып шықтық. Өйткені вакцина алмаған болатынбыз. Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығына кірдік. Бұл кезде күйеуімде де "жасыл" статус пайда болды, – деп мәлімдеді Марина.
Отбасы ДЦП-ның ауыр формасымен ауыратын балаларының қауіпсіздігі үшін вакцина алуды жоспарлаған. Бірақ бұрынғы "бейтарап" статусты қалай қайтару керегін білмейтінін айтады.
Бізге бұрынғы "көк" статус қайтарылуы керек. Егер вакцина алу үшін емханаға баратын болсақ, бізге не деп айтады. Құжат бойынша біз вакцинацияланған болып есептелеміз. Вакцина төлқұжатын сатып алғандарды жазалайтынын білеміз. Бізге бұл қажет емес, – дейді Марина.
Жалған вакцина төлқұжатын жасаған дәрігер де, құжатты қолданған да жазаға тартылады. Дәрігер абақтыға қамалуы мүмкін. Ерлі-зайыпты Титовтар жүйеде ақау болғанын немесе Өскемендегі аурухана қызметкерлері шатастырып алуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы вакцина бойынша көш басында тұрған аймақтардың бірі. Министр бұл туралы түсінік те берген. Алайда бастапқыда жоспар 100% орындалды десе, қазір олай емес. Өйткені жоспар өзгерген.
Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары жоспарды орындады. Бірақ бұл аз, халықтың 60%-ы ғана қамтылған. Яғни қыркүйек айының соңына дейін жоспарды орындау мақсаты болған. Қазір біз жалпы тұрғындар санын 10 миллионнан 11 миллион 389 мыңға өзгерттік. Нәтижесінде Шымкент қаласы жоспардың 90,1% ғана орындады", – деп мәлімдеді министр Алексей Цой.
Шығыс Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 833 мың адам алғаны белгілі. Алайда тізімге Титовтар отбасының енгені белгісіз. Осыған байланысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасында тексеріс басталды. Нәтижесін жақын арада хабарлауға уәде де берді.