Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еңбек министрлігі 42 500 теңгені қайтару туралы ақпаратқа жауап берді

"Ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтарды бұл ақшаны қайтаруға міндеттейтін нормалар мен заңдар жоқ", – деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі Александр Кононец.

Еңбек министрлігі 42 500 теңгені қайтару туралы ақпаратқа жауап берді
Фото: azattyq ruhy

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде төтенше жағдай режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген қауесет тарауда. Пайдаланушылар банктердің мобильдік қосымшасындағы «Әлеуметтік көмекті қайтару» парақшасының экраннан түсірілген суреттерін жіберіп әлек.

Мемлекеттен алынған қаражатты қайтаруға болады, бірақ, міндетті емес, деп жазды Stopfake.kz сайты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдай кезінде кейбір адамдар әлеуметтік төлемдерді заңсыз алды, олар кірістерін жоғалтпаған. Олардың кейбіреуі бұл қаражатты мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Төлемдер төлене бастағалы оны шамамен 180 000 адам қайтарды. Бұл ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтарды бұл ақшаны қайтаруға міндеттейтін нормалар мен заңдар жоқ", – деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі Александр Кононец.

Қателесіп алған әлеуметтік көмекті қайтару үшін Kaspi Bank мобильді қосымшасында тиісті функция іске қосылды. Бұл өте ыңғайлы. Ол сәуірден бастап жұмыс істеп келеді және Төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 теңге алғандардың бәріне қолжетімді болды. Қазір оның қызметі тоқтатылды.

"Карантин кезінде әлеуметтік төлем алған, бірақ, табысын жоғалтпаған азаматтар үшін ақша қаражатын қайтару функциясы Kaspi.kz мобильдік қосымшасында іске қосылған. Бұл төлемдерді қайтару – әрбір ҚР азаматының ерікті және дербес шешімі", – делінген Kaspi Bank өкілдерінің Stopfake тілшісіне берген жауабында.