Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Орал қаласы әкімі мектеп директорларымен кездесіп, өткір мәселелерді талқылады

14 қазан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қаладағы мектеп басшыларымен кездесті.

Орал қаласы әкімі мектеп директорларымен кездесіп, өткір мәселелерді талқылады

Кездесуде қала басшысы білім ұяларындағы санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне назар аударды.

Бүгінде мектептерде бейнебақылау жүйесі, дабыл түймелері қойылып, ішкі істер органына байланыстырылды. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске кірісуде. Қазіргі уақытта 38 мектептің қауіпсіздігін қадағалау мамандандырылған күзет агенттіктеріне тапсырылып отыр. Қалған мектептер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда.

Абат Шыныбеков олардың күнделікті жұмыстарын – бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауын, мектеп аумағын бақылауда ұстауын мектеп басшылары қадағалап отыруы тиістігін ескертті.

Сондай-ақ жиында шәкірттердің жолда жүру қауіпсіздігі қозғалды. Күз келіп, қараңғылық ерте түсетіндіктен бұл мәселе де алаңдаушылық тудырады. Бүгінде білім ұйымдары аумақтарында жол белгілері қойылып, жарықтандырылды. Десек те, оқушылардың сыртқы киімдерінде, сөмкелерінде жарыққа шағыласатын белгілердің болуына назар аударылуы қажет. Бұл мәселеде ата-аналармен жұмыстануды тапсырды.

Сонымен қатар жиында білім ұйымдарына жылудың берілуі, мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуына қатысты мәселелер қозғалып, білім сапасын көтерудегі міндеттер бойынша жұмыстарды жетілдіру жайы айтылды.

Томирис СҰЛТАН