Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктер тексеріледі

Ол сондай-ақ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік барынша қатаңдатылғанын атап өтті.

Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктер тексеріледі
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктерді тексеретін заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Оның ішінде революциялық жаңашылдықтың бірі - байып кеткені күдік келтіретіндерді тексеру. Заң жобасы Парламентке жіберілді. Шығыстардың кірістерден асып кетуі - қаржылық тексеруді немесе тергеуді бастау үшін белгі, - деді Ахметжанов агенттік брифингінде. 

Ол 2018 жылы Қазақстан қол қойған шоттар туралы ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім шетелдегі активтерді анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Келесі қадам - сол активтерді қайтару. Биыл бізге жемқорлардың көлеңкелі кірістерін шетелдік шоттарға шығарумен күресу үшін тиімді негіз болатын еуропалық конвенцияларға қосылу көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю мақсатында келудің алдын алады, - деді Ахметжанов. 

Ол сондай-ақ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік барынша қатаңдатылғанын атап өтті.