Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұлыбритания елшісі 2 айда қазақша меңгеріп алған: Біздің шенеуніктер неге үлгі алмайды?..

Ұлты өзге азаматтар қазақ тілін аз уақытта меңгеріп кетіп жатқанда, біздің өз қаракөздеріміз, әсіресе, шенеуніктер неге әлі күнге дейін ана тілін үйрене алмай жүр?

Ұлыбритания елшісі 2 айда қазақша меңгеріп алған: Біздің шенеуніктер неге үлгі алмайды?..
фото: дереккөз

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич елшілік қызметіне кіріскен 2  ай ішінде қазақ тілін меңгеріп алыпты. Ол тіл үйрену елді, адамдарды жақсы білу үшін қажет деп санайды. Бұл туралы ол 7-телеарнаның "Оян Qazaqstan" бағдарламасында айтты деп жазады Paryz.kz.

Қазақстандағы елшілік қызметке кіріскеніме 2 ай болды. Уақыт айырмашылығына, жаңа өмірге үйреніп кеттім. Мен тілдерді үйренуді ұнатамын. Сіз тілді білу арқылы елді де жақсырақ білесіз. Адамдарды жақсырақ танисыз. Қазақ тілі маған қиынға соқты. Жасым үлкен болған шығар. Бірақ қазақ тілін үйрену қызық. Мұғалімдердің көмегіне ризамын.

Қазақша да, орысшада үйрену қиын. Менің биыл қазақ тілін үйренуге уақытым болды. Тырысу керек деп ойлаймын. Маған Димаш Құдайбергонов ұнайды. Оның даусы керемет. Басқа әншілерді де тыңдап көргім келеді.

Қазақ тілінде баспасөзді, кітапты оқып жатырмын. Бірақ онда жаңа сөздер көп. Сиқыр, айдаһар деген сияқты. Ол сөздер дипломатиялық қызметте қажет емес деп ойлаймын (күліп).

Қазақ тілін үйрене бастағанымда жапон тілінде білетін сөздер есіме түсті. Ұқсастық бар. Мысалы, екі тілде де етістік сөлйемнің соңына қойылады. Бірақ менің ойымша айырмашылық көп. Қазақ тіліндегі тәуелдік жалғауы күрделі, - дейді Кэти Лич.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық байланыс орнаған 30 жыл ішінде 9-елші болған Кәти Лич ана тілімен бірге қазақ, орыс, армян және жапон тілдерін меңгерген. Ол алдағы уақытта екі ел арасындағы түрлі салалар бойынша әріптестік байланыс орнатуға барынша күш салуға ниет етіп отыр.

P.S. Ұлты өзге азаматтар қазақ тілін аз уақытта меңгеріп кетіп жатқанда, біздің өз қаракөздеріміз, әсіресе, шенеуніктер неге әлі күнге дейін ана тілін үйрене алмай жүр? Біздіңше, "уақыт жоқ" деген сылтау, оған ынта мен жігер керек. Ал бұл қасиеттер жұмсақ креслода отырғандардың көпшілігінің бойында жоқ.