Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жарылып кетсе, не істейміз?!": Маңғыстау облысының тұрғындары "мина" үстінде отыр

Біршама жыл бұрын газ құбыры жер астымен тартылған екен.

"Жарылып кетсе, не істейміз?!": Маңғыстау облысының тұрғындары "мина" үстінде отыр
фото: видеодан скриншот

Талай жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен жер астымен тартылған газ құбырлары елдің үрейін қашырып отыр. Алда-жалда жарылып кетсе, не істейміз деп қорыққан жұрт шағымдарын жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Жарылып кетсек не істейміз?" Бұл Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылы тұрғындарының - қорқынышы. Біршама жыл бұрын газ құбыры жер астымен тартылған екен. Ешқандай жөндеу көрмеген құбырлардың тозығы жетіп, тіпті ауыл арасынан көгілдір отынның иісі мүңкіп тұратын көрінеді.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда тұрғын үйде газ баллоны жарылды (ВИДЕО)

Мынаның астында труба бар. Көміліп кеткен. Газдың иісі шығады мына жерден, - дейді тұрғындар.

Алда-жалда жарылып кетсе, үлкен трагедияға тап боламыз ба деп торыққан жұрт, құбырларды стандартқа сай етіп, жер үстімен жүргізіп берсе дейді.

Жаздың күндері иісі енді невозможно. Балаларымыздан қорқамыз. Көшеде ойнайтын. Бір жерін қозғап кете ме, жарылып кете ме деп, - дейді Қызылтөбе ауылының тұрғыны Роза Мұсағалиева.

Ал аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев бұл мәселенің түйінін шешу жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.