Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тоқаевтың тапсырмасы: Токио Олимпиадасына бөлінген қаражатқа тексеріс басталды

Ұлттық Олимпиада комитеті Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Мәдениет және спорт министрлігі арқылы 15,6 миллиард теңге бөлінген.

Тоқаевтың тапсырмасы: Токио Олимпиадасына бөлінген қаражатқа тексеріс басталды
фото: olympic.kz

Есеп комитеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Токио Олимпиадасына бөлінген қаржының аудитін бастады деп хабарлайды Paryz.kz

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық үшін бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде, - делінген хабарламада.

Ұлттық Олимпиада комитеті Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Мәдениет және спорт министрлігі арқылы 15,6 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың ішіне спортшылардың жалақысы, құрал-жабдықтар сатып алу, медициналық қолдау, оқу-жаттығу жиындары мен лицензиялық старттарға қатысу кіреді.

Президент бұған дейін Ұлттық құрама командасының Токиодағы ойынның нәтижесі елдің спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға бөлетін үлкен қаражатына сәйкес келмейтінін айтқан еді.