Орал қаламыздағы «Omega Sports» спорт кешенінде салтанатты түрде фитнес залы ашылды. Оған арнайы келген қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы зор екендігін атап өтті.
Спорт кешенінің директоры Венера Бурашева аталған кешен отбасымен арнайы келетін орталыққа айналса деп тілейді. Сондықтан бұл жерде үлкен-кішіге қажетті бар жағдай жасалған. Заманауи спорт кешенінің ішінен ашылған фитнес зал 16 жастан асқан балалар мен үлкендерге арналған.
-Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын нысанда футбол алаңы, балалар бассейні, аэробтық зал, дұрыс тамақтану кафесі бар. Сонымен қатар ата-аналарға арналған жайлы күту залдары қарастырылған. Бассейн екі айлық сәбиден бастап, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған. Спорт кешені қазіргі күнде 34 адамды жұмыспен қамтып отыр, -дейді Венера Бурашева.
Жұбан МҰРАТ