Табылған заттарды тексеру үшін Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері жұмылдырылған.
Ақмола облысында балық аулауға келген ер адам төрт граната тауып алды деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол бірден кезекші полиция бөліміне хабарлаған.
1974 жылы туған ер адам Аршалы ауданы Арнасай ауылы аумағында балық аулап жүргенде гранатаға ұқсайтын затты көреді. Полицейлер Есіл өзенінің үстіндегі көпір маңын тексеріп, атысқа арналмаған, бірақ жарылған үш граната мен бір шу немесе түтін гранатасын тапты, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.
Табылған заттарды тексеру үшін Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері жұмылдырылған. Гранаталар тәркіленді.