Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Дизель жоқ!": Қарағандыда автобустар жолға шықпай қалды

Шенділер мәселені дүйсенбі, 11 қазанда шешуге уәде берген. 

"Дизель жоқ!": Қарағандыда автобустар жолға шықпай қалды
фото: ашық дереккөз

Қарағанды тұрғындары өткен демалыста автобустың аз болғанына наразылық білдірді. Ekaraganda.kz сайты хабарлағандай, қазір жанармай құю бекеттерінде дизель отыны жоқ, сол үшін қоғамдық көлік қызметі қиындыққа ұшырауда деп жазады kolesa.kz.

Қала билігінің мәліметінше, демалыс күндері автобустардың үштен бірі жолға шыға алмады. Шенділер мәселені дүйсенбі, 11 қазанда шешуге уәде берген. Бірақ қала тұрғындарының айтуынша, жағдай жаңа аптаның басында да дұрысталған жоқ.

Дизель тапшылығына байланысты мұндай жағдай елдің барлық аймағында байқалып отыр, тіпті мұнай өңдейтін зауыт орналасқан Павлодар облысында да қоғамдық көлікке отын жетпей жатыр. Алматыда да жағдай мәз емес, бірақ мұнда мәселе сәл өзгеше, суықтан автобустардағы жаздық дизель қатып қалуда.

Дизельдің бағасы қанша болды?

11 қазанда Алматы және қала маңындағы бекеттер жазғы дизельді 225–295 теңге, ал қысқы дизельді 350–370 теңгеге сатып жатыр. Облыстарда да баға өсті. Қарағандыда жазғы отын 310 теңгеден сатылады. Оның үстіне кей облыста сұйытылған газ бағасы да қыматтап кетті.

Өткен демалыста бензин жетіспей жатқаны туралы ақпарат шықты, Алматыдағы Sinooil бекеті бензинді тек талонмен сата бастаған. Бұл ақпарат 11 қазанда (дүйсенбі) расталды.