Мәскеудегі Абай ескерткіші дәретханаға айналып кетіпті (ВИДЕО)

"Чистый пруд" аллеясы кешке қарай маскүнемдердің жүретін жеріне айналады.

Мәскеудегі Абай ескерткіші дәретханаға айналып кетіпті (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Бұрынғы депутат, бүгінде блогер болып жүрген Тәңірберген Бердоңғар әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне үндеу жасады деп хабарлайды Paryz.kz

Біз Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінен ескерткіш маңына кезекші полиция қызметкерін қоюды сұраймыз. "Чистый пруд" аллеясы кешке қарай маскүнемдердің жүретін жеріне айналады. Бұл бірінші рет емес. Өз кезегінде, біз Қазақстан аумағындағы Ұлы орыс тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға кепілдік береміз. Тату көршілікті іс жүзінде жүзеге асырамыз, – деп жазды ол Instagram-парақшасында.