Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдық әскерилер жемқорлықтан ада болуы керек

Орал қаласындағы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және "Әскерде қылмысқа орын жоқ" бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шара өтті.

Оралдық әскерилер жемқорлықтан ада болуы керек
Фото: Жұбан МҰРАТ

Онда іс-шара жоспарына сәйкес "Ақжайық адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Серік Мұқашев "Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергенжағдайда әскери қызметшілердің жауапкершілігі" атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері, оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндірді.

    -Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің санасына адалдық, сатылмаушылық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше орын беріледі. Оларсыз заңды сақтау мүмкін емес.Мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскерилер елдің имиджін қалыптастырады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктіең алдымен солар өз бойына қалыптастыру керек,-деді ол.

Жұбан МҰРАТ