Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда 304 бұралқы ит жойылды

Орал қаласы әкімдігіне карасты кенттер мен ауылдық округердегі өзекті мәселенің бірі – бұралқы иттердің көбеюі. 2019 жылдан бастап мәслихаттың шешімімен бұралқы иттердi аулаудың жаңа ережелерi бекітілді. 

Оралда 304 бұралқы ит жойылды
Фото: Жұбан МҰРАТ

Соған сәйкес иттерді зарарсыздандыру және кестiру жұмысын жүргізген соң, олар бұрынғы ареалына кайтадан жiберіледі. Ал ауруға шалдыққан бiрден жойылады. Оралдағы ветеринариялық қызмет көрсететiн мекемелер мен жергiлiктi құрылымдар бiрлесе атқарған іс-шаралар нәтижесінде былтыр 975 ит ауланған екен.

Соңғы кезде бұралқы иттердің көбейіп кеткендігі туралы тұрғындардан Зашаған кентіәкімі аппаратына арыз-шағымдар, телефонқоңыраулары және ватсап желісі арқылыхабарламалар жиі түсуде. Осы жылдың 5 қаңтары мен 27 қыркүйегі аралығында Зашаған кенті бойынша 453 ит ауланып, оның 149-ы биозарарсыздандырудан өтіп, кері  мекендеу  ортасына  жіберілді.  Ал БҚО мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы №28-3 шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» ережесінің ереженің  2-бөлімінің 12-тармағына сәйкес әрі  жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде 304 ит жойылды.Бір айта кетер нәрсе, «бұралқы» деп ауланған  иттердің  көбінің иелері бар екені анықталды. Ендігі жерде ондай адамдар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады, - дейді Зашаған кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлхан Ғалымова. 

 

Жұбан МҰРАТ