Тамыз айының соңында басталған «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі 6 қазанда елордада мәреге жеткені белгілі. Ұлттық ойындардың ішінде тоғызқұмалақ сайысында оралдықтар үздік деп танылды.
Екі жылда бір ұйымдастырылатын бұл жарыс биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналды.
Жарысқа өз аймақтарында жеңімпаз болғанНұр-Сұлтан, Түркістан, Өскемен, Орал қалаларының командалары қатысты. Оралдықтар барлық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, 13 ұпай жинап, бас жүлдені еншіледі. Сөйтіп Әсет Қайыржанов, Дархан Әнуарбеков, Таир Салхай, Ализа Ерниязова, Аида Карина, Ақгүл Бауыржанқызы сынды Жайықтың жағасынан келген тоғызқұмалақшылар намысты абыроймен қорғай білді.
Айта кетейік, Ақгүл Бауыржанқызыда осымен 7 мәрте тоғызқұмалақтан республикалық жарыстың жеңімпазы атанып отыр. Орал қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәбиеленушісі болып табылатын ол балалар мен жасөспірімдерге осы спорт түрімен айналысқаны пайдалы екенін айтады. Себебі тоғызқұмалақшы математиканыжақсы меңгереді. Әрі олардан жақсы стратег шықпақ.
Жұбан МҰРАТ