Қазақстан ең қауіпсіз елдер тізімінде Өзбекстаннан артта қалды

Көбіне елде ұрлық, алаяқтық және есірткінің заңсыз айналымы сияқты қылмыстар жиі тіркеледі. 

Қазақстан ең қауіпсіз елдер тізімінде Өзбекстаннан артта қалды
фото: sputnik.kz

Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендемей тұр. Numbeo әлемдік қауіпсіздік рейтингінде еліміз 137 елдің ішінде 98-орынға ие болды деп хабарлайды Paryz.kz"Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ТМД елдері ішінде Армения 10-орын, Өзбекстан 37-орын, Ресей 52-орынға жайғасып, Қазақстанды басып озған. Азаматтардың қорғалу жағдайы бойынша тек Қырғызстан мен Беларусь Қазақстаннан кейін орналасты. Әлемдегі ең қылмысы аз елдер - Катар, БАӘ және Тайвань. Рейтинг авторлары Венесуэланы да ең қауіпті деп санайды.

Қазақстан әлі де бұрынғы деңгейін сақтап келе жатыр. Бірінші жартыжылдықта елімізде 114 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олардың төрттен бірі — ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар. Көбіне елде ұрлық, алаяқтық және есірткінің заңсыз айналымы сияқты қылмыстар жиі тіркеледі.