Қазақстанда ит төбелестіруге тыйым салынады

Айта кетсек, 2020 жылы Жаңаөзен қаласының тұрғыны иттердің төбелесін ұйымдастырды.

Қазақстанда ит төбелестіруге тыйым салынады
фото: Sputnik Қырғызстан

Қазақстанда иттерді төбелестіруге тыйым салынады. Мұндай норма "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасында қарастырылған деп хабарлайды Paryz.kz.

Оқи отырыңыз: Елімізде ит пен мысық етін жегендер жазаланатын болады

Заң жобасында біз иттерді төбелестіруге толық тыйым салатын норманы қарастырдық. Бірақ аңшылық мақсатта қолданылатын иттерге келетін болсақ, бұл сала "Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңмен реттелетін болады. Аңшылық иттердің жауынгерлік қасиеттерін жоғалтпасы және аңшылық қабілетін ұштауы үшін арнайы алаңдар пайдаланылатын болады. Мұның бәрі реттеледі, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Мәжілісте.

Айта кетсек, 2020 жылы Жаңаөзен қаласының тұрғыны иттердің төбелесін ұйымдастырды. Бұл үшін ер адам әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды.