Шымкентте жүргізуші куәлігін жасамақ болған алаяқ ұсталды

аратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Шымкентте жүргізуші куәлігін жасамақ болған алаяқ ұсталды
фото: sputnik.kz

Шымкентте 140 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасамақ болған алаяқ ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлғаның көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін деп, 140 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Бұл жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті жердің тұрғынын анықтап, тиісті мекемеге жеткізілді.