Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алғашқы сәләфилік пен қазіргі күніміздегі "жалған сәләфизмнің" арасында өте үлкен айырмашылық бар

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармаcының терроризм мен экстремизмге байланысты түсіндіру жұмысы уақыт өткен сайын тереңдеп бара жатқанын өткен мақаламыздың бірінде айтқан болатынбыз. Терроризм тақырыбын қозғаған сайын, ол күрделене береді. Оңай нәрсе болса, әлемді әбігерге салмас еді. Сондықтан көпшілік үстірт емес, тереңірек білгені абзал. 

Алғашқы сәләфилік пен қазіргі күніміздегі "жалған сәләфизмнің" арасында өте үлкен айырмашылық бар
Фото islamkaz.kz сайтынан алынды

Теолог Тимур Нүсіпханұлы Нүсіпханов – бұл тақырып қанша жылдардан бері айтылып келеді, айтылып жүр ғой... Солай болғанмен, жүйелі түрде, жинақталған, әрқайсысының аражігін ажыратып түсінбей, біржақты кетіп жатады – дейді. Сәләфилер деген кімдер? «Жалған сәләфизм» деген не? Уахабилер, такфиристердің арасын ажырату керек. Бұларға байланысты қанша жылдан бері тарихи түрлі оқиғалар болған. Сол үшін, бір ауыз сөзбен, сәләфилер дегеніміз сақалдылар, уахабилер деген осылар деп жалпақ тілмен айтудан абай болуымыз керек. Өйткені алғашқы құрылған сәләфилікпен қазіргі күніміздегі  «жалған сәләфизмнің» арасында жер мен көктей, өте үлкен айырмашылық бар. Одан кейін, радикалданған,  қатаңдыққа беріліп, «тәкфир уәл хижра», уахабилер, бұлар өз алдына жеке, дербес жамағат, топқа айналып кетті. Мысалы: жетпіс тоғыздан кейінгі, әл-Қаида немесе Усама Бен Ладен соның көсемі болған, сол кездегі кейбір сәләфилік көзқарас пен одан кейінгі көзқарастың арасында өте көп әсер етуші түсініктер бар.

Ең алғашқы кезең ретінде «сәләф» деген сөз араб тілінде алғашқылар, бұрынғы, әу баста келгендер деген мағынаны білдіреді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) заманында өмір сүрген  үш кезеңде орын алған, сол тұста өмір сүрген тұлғаларды сәләф «соолих» тұлғалар деп айтамыз. Бұл жайлы өте көп хадис жеткен. Солардың бірі, Алла елшісі (с.ғ.с.) айтады: «Үмбетімнің ең қайырлылары, әуелгі, менің ғасырымда өмір сүрген мазхабым», яғни, сахаба – жақын достары. Олардың жолын жалғастырғандарды біз «табиғин» дейміз, одан кейін олардың ізінен ергендер – әкбабу табиғин.

Осы үш кезеңде өмір сүрген тұлғаларды Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мақтап кеткен. Осылардан кейін бір тобырлар келеді дейді. Олардың сөзі куәгерлікке алынбайды, берген серттері де сенімді болмайды дейді. Сол үшін «сәләф» алғашқы, әуелгілер болса, «сәләфизм» дегеніміз бөлек. Осы үш ғасырда өмір сүрген заңғар тұлғалардың ғұмырына сай өмір сүреміз деп  қасиетті ұғымды тіпті қасиеттендіріп жіберген. Сенім тұрғысынан, ұстанымында болсын, амалында болсын, осы үш ғасыр секілді өздерін көрсетушілерді сәләфизм дейміз. Үш ғасырда өмір сүрген тұлғалардың іс-әрекетіне сай амалдарын  қалыптастырғысы келгендер.  Одан кейін алғашқы сәләфизм дәндері қалай себіле бастады? Әлбетте, бұл жерде бүкіл ағымдардың шығуына негізгі себеп, бұл қасиетті кітап деп айтсақ болады, жалпы бұл христиандықта болсын, өзгелер болсын, діни ағымдардың шығуына себеп болған діни мәтіндерді дұрыс түсінбеу салдарынан шыққан. Әркім әртүрлі жорамалдайды. «Жалған сәләфизм» де сол секілді болған. Ислам мазхабы тарихындағы алғашқы ағымдардың шығуына себеп қасиетті Құранды, Алла елшісінің(с.ғ.с.) сүннеті – хадисті, асыл сөздерді толық түсінбеу қарама-қайшылығынан туындаған. Негізгі себеп осы. «Жалған сәләфизм» І, ІІ ғасырларда мұсылман жыл санауы бойынша хижри Құран мен хадистен туындаған  кейбір діни мәселелерді өзгеше жорамалдаушы топтар шығады.

Оларды біз «асһабул хадис» дейміз. Құранмен келгенді тек хадиспен ғана түсінуіміз керек, хадистен өзге ақыл арқылы ой жүгіртіп, ойланып, терең түсіну ағаттық, қателік болады. Өйткені бүкіл мәселелерді Алланың елшісі (с.ғ.с.) түсіндіріп кеткен. Біздің ақылымыз арқылы кейбір мәселелерге ой жүгірту бұл үлкен ағаттық, қате болады деген тараптағылар шығады. Кейін бұған қарама-қарсы бүкіл нәрсе хадисте келмеген, Құрандағы кейбір көмескі, мағынасы өзгеше болған аяттарды біз ақыл жүгірту арқылы, ой арқылы, терең ғылым арқылы түсінуміз керек деген «асһабул рай», осындай екі мектеп қалыптасады. Алғашқы І,ІІ ғасырларда.

Осындай кезде «асһабул хадис» деген алғашқы айтқан тараптардың өзіндік ұстаздары болады. Ол ұстаздардың осы бағытта жазылған мақалалары, кітаптары, шығармалары  болады. Олар сақтала береді. Бұл жерде де «асхабул хадис» пен «асхабул райдың» қалыптасуына екінші себеп – географиялық жағдай. Осы кезде ислам мемлекеті араб жарты аралында емес, ол жерден шығып, сонау Куфа, Иран, Иракқа, аржағы Солтүстік Африка, бер жағы Орталық Азияға да таяп қалған кезеңдер еді. VII, VIII, IX ғасырлар деп айтсақ болады. Бізге де сол кезеңдерде келе бастады. Исламның алғаш жайылып жатқан кездері. Осы кезде тек арабтардан ғана құрылған топ деуге келмейді, өйткені ислам белгілі руға, ұлтқа тән емес, бұл әлемдік бүкіл халыққа келген дін. Түсіне немесе тіліне, ұлтына  қарап ажыратпайды. Алланың алдындағы ең жоғары адам ол – әділ болған, оған жақын, әдепті болған адам дейді. Осы кезеңдерде түрлі қарама-қайшылықтар туындайды, бірақ бір-бірін қазіргідей тәкфирлікпен айыптау, бір-бірін сен адастың деп қылмыстықпен кінәламаған. Террорлық топ немесе радикал деген қазіргі ұғымдар ғой, қатаңдыққа берілген. Қазіргідей дәрежеге бармаған. Тек сыни көзқарастағы, шағын шығармалар жазумен, үлкен пікірмен қалады. Бұл алғашқы дән.  «Асхабул хадис, асхабул рай» осы кездерде Құран мен хадисті түсіну барысында қалыптасты. Осыдан кейінгі кезеңде бұл Тахиуддин ибн Таймия деген тұлға өмір сүрген. X, XI , XII, XIII ғасырларға келеміз. Бір жағынан Моңғол шапқыншылығы, екінші жағынан Крест жорығы жүріп жатады. Өте қиын жағдайда өмір сүрген ғалым. Кейбір деректерде ибн Таймияның бір қолында қаламы болса, екінші қолында қылышы болды дейді. Бір жағы білімімен, шығармаларымен, қаламымен, уағызымен халықты дінге шақырып, иманды қорғау мақсатында пікірлерін білдіріп және үлкен жорықтарға да қатысқан дейді. Сондай қиын жағдайда өмір сүргеннен кейін ауыр, қатты пәтуалар береді. Кейінгі радикалданған, террорлық топ болған әл Қаида болсын, Такфир уәл Хижра болсын, ДАИШ болсын осы имам Таймияның сол қиын заманда жазған шығармаларын, берген пәтуаларын қолданған. Уахабилер белгілі бір негізге, дәлелге сүйену керек қой. Өз ойларынша іс жасамайды.

Мысалы Медине қаласында  «жәннатул бахи» деген зират бар. Сахабалардың барлығының жерленген мазары. Тек кішкентай ғана тастар, қай жерде жатқанын білмейсіз. Ешқандай белгі жоқ. Алғаш уахабилер сол жерге кіре бастағанда жермен жексен еткен дейді. Барлық мазарларды, мәдениет, сәулет өнерлерін жойған дейді. «Жалған сәләфизмнің», сәләфилік емес, белгілі бір әдістемелік көзқарас, жүйе ретінде қалыптасқаннан өтіп, бағыт ретінде, белгілі хадис, фиһқ, ислам философиясы, тарих дейміз осындай ғылымдарға қарсы тұра алатындай пәндік дәрежеге жеткізеді. Бастауы имам Таймия. Оның көзқарасын жақтаушы шәкірттері болады. Сол салада кітаптар жазылады. Осы қалыптасқан жүйе деструктивті дейміз, теріс пиғылды топ ретінде қалыптаса бастайды.

Әлбетте бұл Ауғаныстанмен байланысты. 1979 жылы Кеңес өкіметінің кезінде он жылға жуық шайқас болған, білесіздер. Ол кезде қазіргі «талибан» дегендер мүлде атымен жоқ. «Талибан» деген бөлек бір тақырып. Жоғарыда айтқанымыздай бірін-бірімен араластырмау керек. Ал 1979 жылы мүжәһидтер деген радикалданған топ болған. Кеңес одағы Ауғанстанды отарлау мақсатымен соғыс болған кезде он жыл бойы сол жерден қашқан жамағат болады. Бұлар шекералас жатқан солтүстік Пәкістанды паналай бастайды. Осы жерде кейбір «жалған сәләфилік» топтар мен өзге мүдделі мемлекеттер бұларға қаржылай қолдау көрсетіп, шатырлар құрып, сол жерде радикалданған, деструктивті «жалған сәләфизмнің» топтарын қалыптастырып, дайындайды».

Өткен жолғы мақаламызда саяси ойынның бастауын жазған едік. Бұл жолы оның аржағындағы кезеңдерге бойладық. Мақсат көпшіліктің түсінуі. Ең өкініштісі бұл ойындар санасы уланғандардың қолымен  жасалуы. Сондықтан сақтанайық! Сақ болайық!

                                                             Еділ  АНЫҚБАЙ