Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының ақшасын тартып алып отырған

Ер адам бұған дейін де жауапқа тартылғанымен, тәртібі түзелмеген. 

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының ақшасын тартып алып отырған
фото: ашық дереккөз

Елордада қарт анасының ақшасын тартып алып отырған ер азамат 20 тәулікке қамалды деп хабарлайды Paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында учаскелік инспекторға кейуана шағымданған. Айтуынша, 34 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, анасының ақшасын алып кетіп тұрған.

Ер адам бұған дейін де жауапқа тартылғанымен, тәртібі түзелмеген. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Айта кетсек, жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 16 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапқа тартылған. "Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің" 492-бабы ("Ел аумағында тіркеусіз тұру") бойынша – 5849, 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") – 167, 440-бабы ("Қоғамдық орындарға масаң күйде келу") бойынша 2152 жеке тұлға жауапқа тартылды.