Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда пайдасы мол жәрмеңке өтуде

Оралдағы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені жергілікті фермерлермен бірге жаңа жобаны қолға алды. Соған орай шаруалар кешен аумағында жәрменке ұйымдастырып, өз өнімдерін делдалсыз, тікелей сатуда. Бұл оқу орны қызметкерлері, студенттер, сол маңдағы тұрғындар және фермерлер үшін де тиімді.

Оралда пайдасы мол жәрмеңке өтуде
Фото: Жұбан Мұрат

Бағалары да қолжетімді болған соң жәрменкеге келушілер аз емес. Мысалы, оралдықтарға 1,5 литрлік құтыға құйылған қымызды 1200 теңгеден, қаймақтың келісін 3200 теңгеден, сары майды 4000 теңгеден ұсынады. Бройлер тауық пен үйрек етіне сұраныс көп. Келісі 1500 теңгеден сатылған тауық ұшаларын тұтынушылар әп-сәтте алып кетеді. Жалпы келісі 1800 теңгеден қойылған сиыр, қой еті, 2200 теңгеден  жылқы еті  өтімді. Соңғы жәрмеңкеде 35 келі сиыр еті, 30 келі жылқы еті сатылған.   

 Тауарларымызға сұраныс бар. Бірер сағатта 200 келіден астам сәбіз, жүз келі  қызылша, 150-160 келі қызанақ пен қырыққабат сатылды. Сұраныс, әсіресе, сүт өнімдеріне жоғары. 25 литр қаймақ, 20 келі сүзбе, 22,5 литр айран мен 25,5 литр сүтті қалалықтар қыл үстінен бөліп алды. «Келесіде молырақ алып келіңдерші» деп тапсырыс беретіндар қатары қалың. Осындай пайдалы жәрмеңкелер алдағы уақытта да да ұйымдастырылып тұрады,- дейді Теректі ауданындағы «Барбастау фермерлері» кооперативінің мүшедері.

Жұбан МҰРАТ