Полиция қызметкері жоғалған малдарын марқұмның мойнына іліп, тағы да жұмыс істетпекші болған.
Түркістан облыстық Полиция департаменті 28 жастағы жергілікті тұрғынды еңбек құлдығында ұстады деген қызметкерге қатысты қызметтік тергеу бастады. Жұмысшы өз-өзіне қол жұмсады, оның денесі мал бағып жүрген ферма маңынан табылды деп хабарлайды Paryz.kz.
Белгілі болғандай, ер адам құлдықта болған.
Марқұм Бақытжан, анасы Аягөз Бердалиеваның айтуынша, қарызынан құтылу үшін малшы болып, жұмысқа кірген. Бірақ ол жұмыс емес, нағыз құлдық болып шыққан. Марқұмның жақындары бір ауыздан оның өліміне құлдықта ұстаған полицей кінәлі дейді.
Полиция қызметкері жоғалған малдарын марқұмның мойнына іліп, тағы да жұмыс істетпекші болған. Оны өлімге жоғалған мал итермелеуі мүмкін. Себебі ол сол үшін тағы біраз жұмыс істеуі керек еді.
Ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тергеу бастады. Тергеу барысында оқиғаға құқықтық баға беріліп, заңды шешім қабылданады, – деп түсініктеме берді Түркістан облыстық ПД.
Қазіргі уақытта ПД Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.