Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда 40 әскери қызметкер баспаналы болды

Оралдағы 5517 әскери бөлімінің базасында гвардияшылардың отбасы мүшелерімен Орал гарнизонының прокуроры әділет аға лейтенанты Нұржан Дүйсекеев кездесті. Жүздесуде әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігі түсіндірілді. Бүгінге дейін Оралдағы Ұлттық Ұланның 40-тан астам әскери қызметкері «Әскери өнім» тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болған.

Оралда 40 әскери қызметкер баспаналы болды
Фото: Томирис Сұлтан

«Әскери өнім» тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген тұрғын үй несиелендіру бағдарламасы. Тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу есебінен өз тұрғын үйін сатып ала алады. Бағдарлама аясында баспаналы болудығ мүмкіндіктері мен  әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қызықтыратын сұрақтарға  Әділет аға лейтенанты Нұржан Дүйсекеев жауап берді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген болатын. Заңның мәні тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің барлық санаттарын мемлекет есебінен жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа алгоритм тұрғын үй төлемдерін Екінші деңгейдегі банктердегі әскери қызметшілердің жеке арнайы шоттарына ай сайын аударуды көздейді. Тұрғын үй төлемдері ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үйді сатып алуға, тұрғын үйді жалға алу, оның ішінде кейіннен сатып алу арқылы ақы төлеуге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарын жинақтауға пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар 20 жыл немесе одан да көп уақытын әскери борышын орындауға арнаған, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда өмір сүруді жалғастыратын адамдарға тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына біржолғы өтемақы төлеу көзделді.

Ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бойынша әскери қызметтен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасына, денсаулық жағдайына немесе еңбек сіңірген жылдары 20 және одан да көп, штаттардың қысқаруына байланысты босатылғандар үміткер болады. Бұл ретте олар жұмыстан босатылған кезде қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген және бұрын тұрғын үйді жекешелендіру құқығын іске асырмағандықтары ескеріледі. Осындай жеңілдікпен тұрғын үй несиелеу бағдарламасының арқасында осы кезеңде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен 5517 әскери бөлімінің 40-тан астам әскери қызметшілері өз пәтерлерінің бақытты иелері болып отыр. Солардың бірі – Дархан Мұңайтпашев.

Біз үш бөлмелі жаңа пәтер алдық. Ол біздің барлық талаптарымызға жауап береді. Кең, таза, жайлы. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды оқиға, – деді Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының офицері, капитан Дархан Мұңайтпашев.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушысы болу үшін Отбасы банкте (ҚТҚЖБ) арнайы салым ашылуы керек. Белгілі бір мерзімнен кейін жылдық 3,5 пайыздан 8 пайызға дейінгі мөлшерлемемен қарыз беріледі. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтағаннан кейін, ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарызына үміткер бола алады.

Томирис СҰЛТАН