Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Петропавлда "өлілер" қатарына кіріп кеткен жетім жігіт баспанасыз қалды

Александрдың айтуынша, оған жүйеде ақаулық болған деп айтқан.

Петропавлда "өлілер" қатарына кіріп кеткен жетім жігіт баспанасыз қалды
фото: ашық дереккөз

Петропавлда жетімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі өзінің тұрғын үй кезегін күтіп болмады. Себебі, оны белгісіз біреулер «өлілер тізіміне» қосып, жігітті кезектен шеттетіп тастаған деп хабарлайды Paryz.kzOrda.kz-ке сілтеме жасап. 

25 жастағы петропавлдық Александр Рябуха бірнеше жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрған. Жақында ол өзінің тізімде жоқ екенін білді.

Наурыз айына қарағанда мен әкімдіктің баспана бойынша кезегінде болдым. Бірақ маған мені кезектен алыптастағандығы жөнінде sms-хабарлама келді. Тізім жарты жылда бір рет жаңартылады. Сол себепті күттім. Жақында ол жаңартылыпты, менің тізімде жоқ екенімді досым көріп, айтты. Иә, шынында да, жоқ екенмін. Әкімдікке барып білдім. Бұл қателік дейді. Кезектен алып тастау себебінде менің көз жұмғаным көрсетіліпті. Өткен екі күн бойы өзімнің тірі екенімді және мені қайта кезекке қосулары үшін құжаттар жинадым, – дейді жас жігіт.

Александрдың айтуынша, оған жүйеде ақаулық болған деп айтқан. Осылайша, оның мәртебесі көрінбей қалған.

Ол өткен аптада қалалық әкімдікке келді, оған не істеу қажеттігі айтылды. Ертең көші-қон полициясына барып, мәртебесін жаңартамыз. Мәртебесі 5 күннің ішінде өзгеруі керек. Тек содан кейін ғана оны баспана бойынша кезекке бұрынғы орнына қайта қояды, – дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Азат Ыбыраев.

Шенеуніктер мәселені бақылауда ұстап отырмыз деп сендірді.