Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алаяқтар көпбалалы мүгедек әйелді алдап кеткен

Желіде iPhone ұтысы туралы оқып, қатысып көрмек болған. Артынша ол әлеуметтік желідегі онлайн-ұтыс арқылы жеңіске жеткенін естіп, сыйлығын күткен...

Алаяқтар көпбалалы мүгедек әйелді алдап кеткен
Фото: Polisia.kz

Полицейлер Петропавлда 41 жастағы мүгедек әйел, бес баланың анасын алдап кеткен алаяқтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

"Желіде iPhone ұтысы туралы оқып, қатысып көрмек болған. Артынша ол әлеуметтік желідегі онлайн-ұтыс арқылы жеңіске жеткенін естіп, сыйлығын күткен. Ол ұйымдастырушыларға хат арқылы мылқау екенін ескертіп, егер қандай да бір жаңалық болса оны хабардар етуді сұраған", - делінген хабарламада.   

Қала тұрғыны алаяқтармен істі болғанына күдік келтірмеген. Артынша ұйымдастырушылар әйел адамға шекарадағы жағдайға байланысты поштаның ақысын төлеу керектігін айтқан. Алайда, ол қажет соманы төлегеннен кейін де мүгедек әйелге тағы екі рет ақша төлеткен. Осылайша, көпбалалы әйел жалпы 69 мың теңге төлеген.  

Алаяқтар ұтыс курьер арқылы бара жатқанын айтып, дәлел ретінде фото мен видеолар жіберген. Тіпті, ұшақтағы жолаушылардың да суретін жіберген. Бүгінде аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Полиция қала тұрғындарынан жеке деректерін алаяқатарға бермеуді өтінді.