Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Көлік сатамын": Елордада "Nur-AvtoKz" орталығының директоры ұсталды

Елордалықтардың сөзінше, оларға 7 млрд теңге шығын келген.

"Көлік сатамын": Елордада "Nur-AvtoKz" орталығының директоры ұсталды
фото: kursiv.kz

Нұр-Сұлтан полицейлері "Nur-AvtoKz" автоорталығының директорын ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құзырлы органға астаналықтар жүгініп, компания басшылығы сенімдеріне кіріп, ақшасын алып алғанын мәлімдеген. Елордалықтардың сөзінше, оларға 7 млрд теңге шығын келген.

Тергеушілер 28 жастағы күдіктінің компания директоры бола тұра автокөлікті сату сылтауымен азаматтармен келісімшартқа отырғанын, бірақ соңында өз міндеттемелерін орындамағанын анықтады. Директор сату-сатып алу келісімшарттарын жасау арқылы азаматтардың автокөлігін иемденіп алғаны, бірақ сатушыларға көлік құнын төлемегені атап өтілді.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, осыдан кейін көліктер үшінші тұлғаларға берілген. Қазіргі уақытта алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. "Nur-AvtoKz" ЖШС директоры Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүрізілуде.