Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда әскерилер қарияларды құттықтады

Қариялар күні аясында Орал шаһарында 5517 әскери бөлімнің әскери қызметшілері бөлімнің әйелдер кеңесімен бірге ардақты Отан соғысының ардагерлері мен әскери зейнеткерлердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Әскерилер 13 ардагердің шаңырағында болды.

Оралда әскерилер қарияларды құттықтады
Фото: Томирис Сұлтан

– Бүгінгі жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары біздерге үлгі. Қарттары бар ел — бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарияларымыз аман жүрсін!, — дейді 5517 әскери бөлім командирінің  тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сарсенов.

Кездесу барысында ардагерлер өз еңбек жолдары туралы әңгімелеп,  Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғыс білдірді.

 – Ұландықтар бізді ұмытпайды, әрдайым мерекелерде келіп, құттықтап  тұрады, мүмкіндігінше көмектеседі. Сый-құрметтері үшін алғысым шексіз, – деді  Ұлы Отан соғыс ардагері Вениамин Скаленко Пантелеевич.

Мұндай қайырымдылық іс-шаралары ҚР Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде ұйымдастырылды

Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған. Қарияларға қамқор болу – қоғамның міндеті. Өйткенi жасы ұлғайған адамдар – мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi.

Томирис СҰЛТАН