«Мейірбандық айлығы» аясында Оралдағы арнаулы қызмет алу орталығының тұрғындарына арналған «Жан шуағы» мерекелік кеші ұйымдастрылды.
Қазіргі таңда әлеуметтік нысанда 500-ге жуық азамат қызмет алып отыр. Олардың 200-ден астамы – қариялар.
Мекемеде қызмет алушылардың барлық жағдайы жасалған. Олардың саулығын сақтап, уақыттарын тиімді өткізу үшін қызметкерлер тиісті деңгейде қызмет жасауда. Коронавирус пандемиясы қызмет көрсету орталығының қызметіне айтарлықтай өзгерістер енгізген. Тұрғындардың сыртқа шығуына шектеу қойылып, туыстарымен тек видеобайланыс арқылы сөйлесуіне мүмкіндік жасалып отыр. Дені егде жастағы жандар болғандықтан, саулықтарын сақтау мақсатында бұрынғыдай ашық жүзесулерге әлі рұқсат берілмеген.
Орал өнерпаздары дайындаған мерекелік бағдарлама қариялардың жандарына шуақ сыйлады. Қариялар би билеп, емен-жарқын күйге бөленді. Көтеріңкі көңіл-күй үшін өнерпаздарға алғыстарын айтты.
Томирис СҰЛТАН