Философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев кейбір имамдар хадистерді дұрыс түсінбейді дейді.
5 сынып оқушыларының ата-аналары орыс мектептеріне арналған “Қазақ тілі” оқулығынан хадис пен діни сөздерді байқап, шу етті деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
"Көкжиек-Горизонт" баспасының оқу құралында қомағайлық туралы хадистен алынған дәйексөз келтіріледі, ал мәтіндердің бірінде "Бисмилла" деген сөз қолданылады. Ғылыми-практикалық орталықта бұған түсініктеме берілді.
Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрлановтың айтуынша, мектеп оқушыларына діни мазмұндағы ақпаратты ақырындап ұсына беру керек.
Этимологиялық тұрғыдан бұл "мейірімді Алланың атымен" дегенді білдіреді. Сонымен бірге, бұл қысқа форма бізге әлдебір істі бастағанда қажет. Яғни, іс жүзінде бұл "Құдай қолдасын" дегенді білдіреді. "Бисмиллә" – бұл ана сияқты, әке сияқты, –дейді шенеунік.
Философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев кейбір имамдар хадистерді дұрыс түсінбейді дейді.
Барлық хадистерді тек діни тұрғыдан қарастырмау қажет. Бұл хадис дұрыс тамақтану туралы. Оның дінге қатысы жоқ. Мүмкін оны бәрі біле бермейтін шығар, бірақ мамандар оны түсіндіре алады, – дейді ол.