Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мақпал Жүнісова карантинде күні қарап қалса да 42 500 теңгені ала алмапты

Қазақстанның халық әртісі Қазақконцертте қызмет етеді. Алайда, одан алатын еңбекақысы ештеңеге жетпейді екен. Тіпті, коммуналдық қызмет төлеуге жетпейтін көрінеді.

Мақпал Жүнісова карантинде күні қарап қалса да 42 500 теңгені ала алмапты
фото: youtube.com

Коронавирустың кесірінен әртістердің шығармашылық қызметі тоқтап тұр. Әзірге әнші-әртістерге бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынған. Карантин кезінде олар да өз бетімен күнін көріп жүр. Біреу кәсіп бастаса, біреуі мемлекеттен көмек алуға көшкен, деп жазды paryz.kz.

Мақпал Жүнісова концерттен басқа табысы жоқ екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстанның халық әртісі Қазақконцертте қызмет етеді. Алайда, одан алатын еңбекақысы ештеңеге жетпейді екен. Тіпті, коммуналдық қызмет төлеуге жетпейтін көрінеді.

"Маған 42 500 теңгені берген жоқ. Мен сұрадым, бірақ, бермеді. Халық әртісі атағы үшін 150 мың теңге аламын. Көлік жүргізе алмаймын. Жүргізушіме 100 мың теңге, күзетшіге 120 мың теңге төлеуім керек. Екі үйге төлейтін коммуналдық қызмет 130 мың теңгені құрайды. Маған қаншама отбасы қарап отыр...», - деді Мақпал Жүнісова, 31 арнаға берген сұхбатында.

Ал оны жайшылықта тікұшақпен серуендетіп жүретін Болат Назарбаевтың сол 42500 теңгеге күні қарап қалғанда неге қарайласпағаны түсініксіз.