Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы қымбаттап кеткен

Оның өзі қытайлық каучук. Ал танымал брендтердің құны әлдеқайда қымбат. 

Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы қымбаттап кеткен
фото: ашық дереккөз

Биыл Қазақстанда автокөлік баллондарының бағасы шарықтап тұр. Арнайы дүкендерде қысқы көлік дөңгелектерінің құны 20 пайызға қымбаттап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Базарлардағы баға да көңіл қуантарлық емес. Сатушылар да, оны алушылар да бұны растап отыр. Қысқа дейін әлі екі ай уақыт болса да, дөңгелек нарқының күрт көтеріліп кетуіне не себеп? 

Алматының көлік балондарын сататын арнайы дүкендерінде дөңгелектердің құны аспандап кеткен. Брендке айналған жапониялық, неміс және ресейлік тауар түрлері айтарлықтай қымбаттапты. Қытайлық каучуктардың бағасы да мәз емес. Қыстың қамын жасау үшін қалтаңызда кемінде 120 мың теңге болуы керек. Оның өзі арзанын алу үшін. Ал қымбатының құны ұшып тұр.  

Мынау дөңгелек мысалы, бізге танымал Toyota Camry дөңгелегінің өлшемі. Былтыр бұны 71-75 мың теңгеге алуға болады. Енді өсті. Қазір 85 мың 400. Бағалар апта сайын емес, күн сайын өседі. Мына короновирус деген эпидемиядан кейін логистикалық тізбек бұзылды, – дейді  сатушы Медет Байшалов.

Базарлардағы баға да мәз емес. Барлық резеңке дөңгелектер 10 пайызға қымбаттады дейді сатушылар. Төрт дөңгелекті 100 мың теңгеге саудаласып жүріп алуға болады. Оның өзі қытайлық каучук. Ал танымал брендтердің құны әлдеқайда қымбат. Бірақ, таптыра бермес тауарға айналған. 

Былтырғыға қарағанда біраз қымбат. Әрқайсысы қымбат. Неліктен екенін біз білмейміз. Фирмадан солай кеп жатыр. Ресейлік дөңгелек мүлдем жоқ. Былтыр көп еді. Қытайлық қана қалды. Қытайлықтың өзі қымбат, – дейді сатушы Ерназар Баймұратов. 

Сатушылар базардың өзінде шиналардың бағасы 22 мың теңгеден басталады. Ал былтыр 16 мың теңгеге бір дөңгелек алуға болатын еді дейді. Қазір бұл бағаға тек шағын көліктердің кіп-кішкентай резеңкесіне қанағат қылады екен.  

Шиналардың құны қазір күн санап шарықтап жатыр. Қара суыққа қамданған қарашаның оны алмасқа амалы жоқ екені түсінікті.