Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ШҚО полицейі атышулы видеоға қатысты түсінік берді

ШҚО полицейі атышулы видеоға қатысты түсінік берді
Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында басшылықтан қысым көріп жатқаны туралы видеоүндеу жазған полицей атышулы видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлады paryz.kz.

Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы сөйлесу барысында әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.

"Мен еш өкінбеймін. Заң аясында әрекет еттім. Айтатынымның барлығын айттым, алып-қосарым жоқ", - деді Мейрембаев.
 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бөлімде тексеріс жүріп жатыр, нәтижесі әлі шықпады.

"Маған қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Бәрі жақсы, мен жұмыстамын. Соңғы күндері көбі маған қоңырау шалып жатыр, біреуі қолдаса, біреуі сөгіп жатыр. Телефонды қуаттап үлгермей жатырмын. Бірақ, басшылықтан менімен ешкім байланысқа шықпады, ешкім қысым көрсеткен жоқ", - деді Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы.

Еске сала кетсек, мұның алдында  Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының полицейі видеоүндеу жариялап, бастығы мас халде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынған адамды заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтқан болатын.