Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Дамумен" ісін дөңгелетті: Оралда шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді

Оралда шағын және орта бизнес нысандары көбеюде. Солардың бірі – осыдан төрт жыл бұрын жұмысын бастаған «Eurasian Trend» ЖШС  ішкі есіктер дайындаумен айналысады.

"Дамумен" ісін дөңгелетті: Оралда шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді
Фото: Томирис СҰЛТАН

Бүгінде кәсіпорында бес цех жұмыс жасап тұр, 80 адам қызмет етеді. Тәулігіне 200 есік шығарылады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. теңге. Істі бастауда кәсіпорын басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму Қоры» арқылы 350 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Болашақта өндіріс көлемін арттырып, айына 10 мың есік дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар қазір корпустық жиһаздар дайындау қолға алынуда. 

Шикізатты Ресейден, Еуропадан алдыртамыз. Сұраныс бар. Әлі де дамытып, өнім көлемін көбейткіміз келеді. Өзіміз үшін цех салуға коммуникациялық желілері  тартылған жер берілсе, жоспарымызды толықтай жүзеге асыра алар едік, – дейді кәсіпорын басшысы Биболат Хайрушев. 

Есік жасауға МДФ, ағаш, ПВХ пленкалары, желім, шыны пайдаланылады. Ішкі есіктердің 20 түрі жасалады. Экологиялық таза. «Eurasian Trend» дайындаған есіктерге оралдықтармен қатар Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары да тапсырыс беруде.

Томирис СҰЛТАН